Сарыкөлдік үміткерлер

Елбасы тапсырмасы аясында ағымдағы жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2-кезеңі басталған болатын. Өтініштер қабылдау мерізімі 2018 жылғы 25 қазанға дейін ұзартылды.
Осы жобаға Сарыкөл ауданынан қос үміткердің тізімі жолданды. Олардың екеуі де спортшы.
 
Лаура ӘлмағамбетоваЛаура Әлмағамбетова, 19 жаста
Лаура 2004 жылдан бастап Сарыкөл аудандық БЖСМ-нің «Еркін және әйелдер күресі» бөлімінде спортпен шұғылданып келеді. Қазақстан Республикасының спорт шебері, ҚР алты дүркін чемпионы, Азия чемпионатында екі мәрте күміс жүлдегер атанса, ал әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген.
Талантты спортшының жеткен жетістіктері жетерлік. Қостанай облысының әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бірнеше диплом және медальдарымен марапатталған. Қостанай облысы бойынша жылдың он үздік спортшысы қатарына енді. Сондай-ақ, Лаура Әлмағамбетованың Таиландта 38 келі салмақ санатында кадеттер арасында өткен Азия чемпионатында  – 2 орын, Словакияда өткен  Әлем чемпионаты кадеттер арасында – 5 орын, Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, Үндістанда өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында – 2 орын, Боснияның Сараево қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 3 орын иеленген.
 
Александр КолядинАлександр Колядин, 45 жаста
Ол – республикалық жобаға үміткердің бірі. 1988 жылы 8-сыныпты бітіріп, бұрынғы Урицк ауданының 22-кәсіптік училищесіне кран операторы болып оқуға түседі. Алайда, 1997 жылы көлік апатына ұшырап, жарақат алады. Бірақ, соған қарамастан тағдырдың сынына төтеп берумен келеді. Бүгінде белгілі  спортшы, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшесі.
Александр Колядиннің спорттағы алған атағы – мүгедектер арасындағы шаңғы трамплині бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері. Сонымен қатар, жеткен жетістіктері бір төбе. ҚР чемпионы, Канадада өткен әлем кубогының 1-кезеңінде 11 орын, Финляндияда өткен Әлем кубогының II кезеңінде 12 орын, Германиядағы Әлем кубогы финалында 15 орын. Бұдан бөлек, Сочиде Паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін кез-келген кезеңде лицензияларды алу бойынша: спринт, 10-20 шақырым қашықтықта классикалық стиль және биатлонға қатысушы, 2014 жылы Сочидегі паралимпиада ойындарының қатысушысы, классикалық стильде 20 км қашықтықта 13 орын. Ал, Канадада өткен әлем кубогының 1-кезеңінде классикалық стильде 20 км қашықтықта 15-орын, Финляндияның  Вуокатти қаласында өткен классикалық стильде 20 км қашықтықта 8-орыннан көрінді.  Осылардың ішінде ең негізгісі – үстіміздегі жылдың наурыз айында Кореядағы ХІІ Паралимпиада ойындарының классикалық стильде 1,5 шақырым қашықтықта паралимпиада чемпионы атануы.
 
Айта кеткен жөн, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓