Жемқорлыққа қарсы айтыс өтті

І.Омаров атындағы қазақ драма театрында таза, ашық қоғам мен азаматтық жауапкершілікті дәріптеп, жыр еткен ерекше айтыс болып өтті. Шараны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыстық департаментінің басшысы Салауат Мүксімов ашты. IMG_9782«Қазіргі мемлекеттік саясаттың күн тәртібінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі тұр. Бұл туралы Елбасымыз да «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет» – деген болатын. Біз өңірдегі жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Қазір біз қоғамдық дерттің салдарларымен күресуге күш жұмылдырып жатырмыз. Сондықтан бұл күрес жалпы бұқаралық сипатқа ие болуы керек. Бүгін мәдениет басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отырған айтыстың басты мақсаты да осы, аузы дуалы, сөзі уәлі айтыскер ақындардың өткір жыры арқылы қоғамға ой тастау», – деді департаментінің басшысы.IMG_9818 Өнер сайысын белгілі ақын, бүгінде аталмыш агенттіктің қоғаммен байланыс жөніндегі басқармасының басшысы Арман Бердалин де тамашалады.
«Ақындар қашанда ақиқатты ашып, шындықты шырылдатып жеткізеді. Осы бір-екі күнде Астанада халықаралық айтыс болайын деп жатыр. Ол жерде де кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін ақындар жиналып, қазіргі қоғамда болып жатқан нағыз өзекті мәселелерді қозғағалы отыр. Ал қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе – бүгінгі айтысқа арқау болып отырған сыбайлас жемқорлық» – деді ол. IMG_9794
 Айтысқа Салтанат Өтелбаева (Қостанай), Марғұлан Оспанов (Қостанай), Мамай Ізтелеу (Таран), Әсем Қажи (Қамысты) сынды айтыскер ақындар қатысты. Салтанат пен Марғұлан елді ендеп, қоғамды меңдеп тұрған жемқорлық індетін ашық сынап, мәнді де мазмұнды айтыс үлгісін көрсетті. Марғұлан ақын:  
Жазылған осы болса пешенеміз,
Ағайын қайғы шекпей, не шегеміз?
Жемқорлыққа көз жұмып, «күштілердің»,
Алдына кілем болып төселеміз.
Қоғамды бұл індеттен тазартпасақ,
Көгереді дей алман көсегеміз.
Деген бар ет сасыса, тұз себеміз,
Ал енді тұз сасыса, не себеміз?- 
дей келіп, емхана, балабақша, білім ошақтары сияқты әлеуметтік салаларда белең алып тұрған жең ұшынан жалғасу мен көз қысты бармақ басты тамыр-таныстықтың тамырына балта шабар не амал бар деген мәселе көтерді.IMG_9813
IMG_9799Ақындар жемқор шенеуніктерді шеней отырып, қоғамдық кеселге қарсы қауқар танытып, қарсы әрекет етудің орнына, керісінше, соған мың етпей көніп отырған қарапайым халықтың көнтерілігін  сынап жырға қосты. Бұл айтыстың ерекшелігі сол – мұнда жеңген-жеңілген ақын болған жоқ. Айтыскерлердің көздеген мақсаты жеңіске жетіп жүлде алу емес,  жемқорлыққа қарсы үндеу тастап, көпшілікті қоғамдық індетке қарсы ымырасыз күреске шақыру болды.IMG_9804
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓