Қызыққа толы “Музей түні”
Халықаралық музей күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Музей түні-2017» акциясын ұйымдастырды. Мерекелік кеш мазмұнды және сан түрлі болды. Музей түнін танымал суретші Георгий Соковтың кескіндеме туындыларын облыстық музейдің қорына салтанатты тапсыруымен басталды. Қостанайлықтар мен қала қонақтары жаңа көрмелерді, сондай-ақ «Шынайы лақап» атты көрме-аттракционын тамашалап, шынайы жәдігерлерге ұқсайтын этикеткаларға куә болды. Келушілер «Жас келіндер мектебі» деп аталатын киіз үйде болып, қазақ халқының дәстүрі мен салттары туралы көптеген кеңестерге қанықты, жіп иіру сайысына және көне ұлттық ойындарға қатысты.
Сондай-ақ, «Қазақ тұлпары» ЖШС-нің аттарымен серуендеп және «Теремок» зообағының жануарларын тамашалауға мүмкіндік алды. Тортила тасбақасының викторинасы және тасбақалар көрмесі таяудағы бүкіләлемдік тасбақалар күні туралы еске салды. Музейге келген қонақтарды «Триумф» балалар сән театрының концерттік дефиле бағдарламасы, «Темір түмен» тарихи қайта құру клубының Қостанай бөлімшесі мүшелерінің серілер жекпе-жегі, «Жұлдыздармен танысу» жаяу жол астрономиясы, алау басындағы дәстүрлі әндер, музей трактиріндегі шай ішу сияқты қызықты шаралар болды.
Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде музейдің ішкі көрінісінде және музей керек-жарақтарымен селфи және фотосессия жасауға мүмкіндік сыйлады..