Белгісіз адамның мүрдесі табылды

Соңғы екі жыл көлемінде Жангелдин ауданында белгісіз себептермен немес балық аулап, мал бағып жүрген адамдар жоғалып кетті деген қауесет жиі естіліп жүр.  Амангелді ауылдық округіне қарасты бұрынғы Жаңақұрылыс бөлімшесінің солтүстік шығыс жақ бетіндегі Қабырға өзенінің жағасынан аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері белгісіз адамның  қаңқасын тапты. img-20140721172724-621Тәртіп сақшыларының  айтуынша марқұмның бойы 165-170 см. Жасы 50-55 шамасында. Үстінде қара көк түсті шалбарынан басқа дымы жоқ. Қазіргі таңда мәйітті тиісті тексеру орнына жіберіп, бұл адамның кім екенін анықталуда. Жергілікті БАҚ арқылы хабарлама берген құзырлы мекеме қызметкерлері  марқұмның туыс-туғандарын іздестіріп жатыр. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓