“Билетсіз” тоты-тасбақалар
Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Қайрақ" бекетінде тотықұстар мен тасбақаларды арғы бетке алып өтпек болған қазақстандық ұсталды. Бұл туралы alau.kz сайтына бекет басшысының орынбасары Бахрам Дараев хабарлайды. Бұл контрабандалық әрекетке барған айыпкер – 41 жастағы қазақстандық әйел азамат.
"Ол "Қайрақ авто" өткізу бекетінде "Қостанай-Екатеринбург" жолаушылар автобусында ұсталды. Оның жүксалғышын қараған кезде тірі 40 тотықұс пен 30 тасбақа табылған", – деді Б.Дараев. Жүкті шекарадан алып өтуге берілетін құжаттар болмай шыққан.