Жаңа маусымның жобалары

Облыстық «Qоstanai» телеарнасы өткен жылды қорытындылап, жаңа жобаларын ұсынды. Еске салсақ, 2017 жылғы маусымда телеарна саяси-әлеуметтік сипаттағы бірнеше бағдарламаны ұсынды. Әсіресе, салмақты мәселелерге негізделген «Ел мүддесі», елдің түкпір-түкпірінен қатысушы жинаған «Тілек Time» ойын-сауық бағдарламасы, қоғамдағы қордаланған мәселелерді талқылаған «Ақ орамал» ток-шоуы, бұдан өзге «Жаназық» «Радуга», «Күншуақ», «Дело житейские» сияқты бірқатар әлеуметтік жобаларды атап өтуге болады.
Сонымен, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының облыстық филиалының биылғы жаңалықтары қандай? Оны арнаның директоры Ербол Ипбергенов айтып берді.af3c75fad9bc996fec907aeeee35a833
Жаңа маусымда 5 бағдарлама  жарық көрді. Олар: «IQ ДОДА», «Тұңғыш», «Цифрлы Қазақстан», «Секундомер», «Талант Time».  Бұл ретте біз бұрынғы тәсілге салып, тұлғаның көзқарасы мен өмір жолына емес, нақты шығармашылық  туындылары, ішкі ой-толғаныстарына назар аудардық. Көрермен жинау сыры да содан деп есептейміз. Екпін салып отырған жобамыздың бірі – «IQ ДОДА». Дәл осы бағдарламада оқушылар мен студент жастардың қабілетті-қарымы сарапқа түседі. Ынталандыру мақсатында арнайы білім грантын да қарастырып отырмыз. Сондай-ақ, тұңғыш рет телекөрермендерге «Тұңғыш» жобасы жол тартты. Тыңнан түлен түріп, ел игілігі жолында, ұлт мүддесі үшін атқарылған ұлы істердің басында тұрған тұлғалар еңбек еткен тұңғыштарымыздың өмір жолы баяндалады. Ал, аймақтағы спорттың дамуы мен жергілікті спортшылардың жетістіктері жайында «Секундомер» деген жобаны жарыққа шығардық. Сондай-ақ, көрерменмен кері байланыс орнату мақсатында тікелей эфирде «Ойлан, тап!» байқауы ұйымдастырылады, «ТалантTime» интелектуалды сайыс алаңы да тұрғындардың ықыласына бөленіп келеді, – деді телеарна басшысы.
Осы жылы филиалдың жұмысын жүйелеуде негізгі үш бағыт нақтыланды. Біріншісі шығармашылық бағыт, яғни, контент болса, екіншісі – техникалық жаңғырту мәселесі. Ербол Ипбергеновтің сөзінше, бұл ретте лентасыз жүйеге көшу маңызды. Ал үшінші бағыт – қаржылық ахуалды жақсарту.36299157_2152720278341492_4207142825478848512_n
«Qоstanai» телеарнасының ұжымы толғауы тоқсан тірліктің барлық саласын қамтуға тырысады. Көпшілікті аймақтың күнделікті тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, облыстың әрбір тұрғынын мазалаған мәселені назардан тыс қалдырмау – облыстық телеарна жұмысындағы басты міндеттердің біріБіз телеарна болғандықтан ақпараттық бәсекеде біреуген есе жіберуге тиіс емеспіз. Ресурс бар, техникамыз әлі де жетілдіруді қажет етсе де, дер кезінде ақпарат таратуға қауқарлымыз. Оның үстіне өзіміздің дербес сайт жұмыс істеп тұр. Дегенмен біз үшін негізгі принциптердің бірі –  ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы. Ал, тексерілмеген, дүмбілез дүниелерді эфирге бермейміз, сайтқа да салмаймыз. Яғни, бәсекені біз өзіміздің беделіміз, тұрақтылығымыз арқылы еңсереміз, – деді Ербол Ипбергенов.
Айта кетейік, Қазақстан Республикалық телерадио корпорациясының Қостанай филиалы эфир таралымы жөнінен облыс аумағының 98,7 %  қамтып отыр. Қазақ және ресми тілдің эфирдегі пайыздық үлесі – 60/40. Телеарна тәулігіне 17 сағат хабар таратады.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓