Денисов аудандық кітапхана қызметкерлерінің күшімен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында «Сен де, мен де оқимын, бүкіл Денисов жеріндегі адамдар оқиды» деп аталатын шара ұйымдастырылды.
Басқосу барысында, қазақ халқының рухани мұрасы болып табылатын классик жазушылардың шығармаларынан мемлекеттік тілде үзінділер оқылып, түрлі сайыстар өткізілді. Жиында кітапхана ұжымы ұйымдастырған көрме аудан тұрғындарының назарына ұсынылды.