Ерте піскен жемістің зияны көп
Облыста. Жазда ерте пісетін жеміс-жидек өнімдерінің бай ассортименті сатылады. Нитраттармен улануды және ішек инфекцияларымен сырқаттануды болдырмау үшін ерте піскен бау-бақша дақылдарын, жеміс-жидек өнімдерін (құлпынай, шие, сары өрік, қара өрік) сатып алмау және оларды шамадан тыс пайдаланбау керек. Әсіресе балалардың тәбетін бақылау қажеттігін ескерткен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жазда ерте пісетін жеміс-жидектерді сатып алмауды ұсынады.