“Тобыл” тең ойын (БЕЙНЕШОЛУ)

Төрешінің ысқырығы естілісімен алаң иелерінің өкілі Ника Квеквескири қауіпті шабуылдың шетін шығарды. Ол айып алаңына еніп барып, шабуыл өтіндегілерге пас берді. Әттең! Аслан Дарабаев допқа сәл жетпей қалды.Ncwh7EBnzPUҚарымта шабуылдардың бірінде "Жетісу" футболшылары есеп ашты. Алаңның орта тұсында Джаба Канкаваның қателігін пайдаланған Дэвид Мавутор әріптесі Руслан Степанюкті алға жұмсады. Қақпашымен жеке шыққан ол қателескен жоқ! 0-1!
Көп ұзамай "Тобыл" таразы басын тең қылды. Азат Нұрғалиевтен доп алған Ника Квеквескири қақпаның оң жақ бұрышын дәл көздеді. Іле-шала ұйымдастырылған шабуыл өз жемісін берді. Джаба Канкава айып алаңына айналдыра доп көтерген. Бірінші жеткен Азат Нұрғалиев баспен соқты. 
Екінші таймда алаң иелері қорғанысқа мән бере ойнады. Марек Зуб жарақат алып қалған Ника Квеквескиридің орнына Максим Фединді шығарды. Оның шығуымен оң қапталға жылдамдық қосылғандай. 
Кезекті қарымта шабуылдардың бірінде талдықорғандықтар есепті теңестірді. Йонуц Ларие айып алаңында Руслан Степанюкті шалып жықты. Пенальти! Ал Сердар Джепаров нүктеден қателеспеді.
Алаңға Нұрбол Жұмасқалиев шықты. Ол Азат Нұрғалиевті алмастырды. 
Ойын 2:2 есебімен аяқталды.
 
"Тобыл" ФК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓