Жарылыс: екі адам жапа шекті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бородин көшесіндегі оқыс оқиға туралы хабарлама 101 пультіне 16 қыркүйек күні сағат 17.12-де келіп түскен.
Оқиға орнына ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 9 адамнан тұратын өрт сөндіру жасағының екі экипажы дереу жіберілді. 
Келген бойда жеке тұрғын үй аумағында, гараж жертөлесінде газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды.
Гараждың жертөлесінен құтқарушылар зардап шеккендердің бірін ес-түссіз күйде алып, жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Басқа зардап шегушіге куәгерлер көмек көрсетті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жертөледе қабырғаларды "Polynor" құрылыс көбігімен жылыту құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілгені анықталды. Құрылыс көбігін пайдалану кезінде газ-ауа қоспасының жоғары концентрациясы салдарынан жарылыс болды, өрт кейіннен мақтаға тиген.
Құрылысшылар қолданған бұл полиуретанды оқшаулау құрамында дифелнилметандиизоцианат бар, ол жабық бөлмеде және от көзінде жоғары концентрацияға жеткенде жарылыс қаупін тудыратын қасиеттерге ие.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін материалдар Қостанай қаласының полиция басқармасына жолданды. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, зардап шеккен үш адамды жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізді.
"1995 жылы туған ер адамның денесінің 80%-ын күйік шалған. 1984 жылы туған тағы бір зардап шегушінің бас, кеуде және тыныс жолдарын күйдіріп алған, денесінің 35%-ы зақымдалды. Екеуі де реанимацияда. 40 жастағы ер адамның беті мен бас терісінің 12%-ы күйді. Ол қабылдау бөліміне апарылды. Ауруханаға жатудан бас тартты",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓