Денсаулық фестивалі өтті

Он жылдан бері елімізде тұрғындар арасында спортты насихаттау мақсатында “Денсаулық фестивалі” өткізіліп келеді. Мақсат – жұртшылықтың, бұқара халықтың назарын денсаулықты сақтау мен нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға әр азаматтың ортақ жауапкершілігіне аудару. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі шара биыл да жалғасын тапты.DSC_0215
Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің алаңына жиналған жастардың қарасында шек болмады. Олар фестиваль аясында ұйымдастырылған спорттық шараларға белсене қатысты. Ал, шараны ашқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Слободонюк мерекеге қатысушыларды құттықтап, жастарға сәттілік тіледі.DSC_0383
-Құрметті мерекеге жиналған жастар, қала тұрғындары! Өздеріңіз жақсы білесіздер, жыл сайынғы дәстүрге айналған “Денсаулық фестивалінің” басты мақсаты денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады. Денсаулық әр адам үшін ең маңызды әрі басты байлық саналады. Сондықтан, аталмыш акцияның көмегімен біз жастарға деніміздің сау болуы тек қана өзімізге байланысты екенін ұғындырғымыз келеді. Жалпы, жастарға айтарымыз денсаулықтарыңызды жас күннен күтіп, зиянды әдеттен аулақ болып, салауатты өмір сүруге талпыныңыздар. Баршаңызға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй тілеймін, – деді Е.Слободонюк.DSC_0321
 
DSC_0329Мерекелік іс-шара барысында концерттік бағдарлама мен түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Спорттық сайыстардың жеңімпаздары облыстық денсаулық сақтау басқармасының кубогымен және медаль, грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, фестиваль барысында қаламыздағы емханалардың дәрігерлері тұрғындардың қан қысымын өлшеп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтады. Жиналғандарға мамандар салауатты өмір сүруді насихаттаған тегін үнпарақтар таратты.DSC_0238
 
Қ.ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓