Еңбек Еріне ескерткіш

Л.Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері, Қостанай облысының және Қостанай қаласының құрметті азаматы Кәмшат Дөненбаеваның 75 жасқа толуына арнап библиографиялық әдебиет көрсеткішін әзірледі.Обложка
К-700 тракторын тізгіндеп, Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған қазақ қызы Кәмшат Дөненбаеваның атағы алысқа жетіп, даңқы жер шарын аралап кетті. Ол Социалистік Еңбек Ері, Ленин орденінің екі мәрте иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Оқырман назарына 2013 жылы жарық көрген «Қазақтың алтын қызы» атты көрсеткіштің толықтырылған, өңделген екінші басылымы ұсынылып отыр.
Басылымда Кәмшат Дөненбаеваның облыстың ғана емес, республиканың ауыл шаруашылығы саласының дамуына сіңірген еңбегін және оның жан-жақтылығын толығырақ көрсетуге тырыстық.
Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде әзірленген.
Библиографиялық көрсеткіш өлкетанушыларға, ұстаздарға, журналистерге, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.
Құрал материалдарын www.kstounb.kz кітапхана сайтынан алуға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓