Такси паркін ашу қолға алынды
"Жұмыспен қамту–2020 жол картасы" бағдарламасының екінші бағыты ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау. Бағдарлама аясында Жанкелдин ауданында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
"Жұмыспен қамту–2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген 20 адам несие алды. Үкіметтік қолдауға ие болғандардың бірі – Сабыр Қосқолов.

Кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, несиеге алатын жеңіл 5 автөкөліктің екеуі Қостанай–Торғай және Арқалық–Торғай бағыттарына төменгі бағада қызмет жасайды, ал үшеуі аудан орталығында тапсырыс бойынша халыққа тиімді қызмет көрсетеді.