Облыс әкімі құттықтады

ҚАДІРЛІ ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР!
Баршаңызды бүгінгі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Бұл– елдің бірлігін нығайтатын, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Осы күндері құрбан шалынып, көршілер, ағайын туыстар бір-біріне қонаққа барып, құттықтап, бірлік пен татулыққа шақырады.
Қашаннан жаны жомарт, құшағы кең қазақ халқы үшін Құрбан айттың алатын орыны ерекше.
Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттауға ерекше көңіл бөлінгені белгілі.
Қазіргі таңда, еліміз бірлік пен тұрақтылықтың төріне айналды. Қазақстанды мекен еткен сан ұлт пен ұлыс өкілдері, тілі мен дініне қарамай, үлкен шаңырақ астында келісім мен татулықтың үлгісін көрсетіп отыр.
 
Құрметті мұсылман қауым!
Баршаңызға Құрбан айт қабыл болсын! Әрбір шаңыраққа құт-береке, молшылық тілеймін! Осы күні тілеген тілектеріңіз, ойлған мақсаттарыңыз орындала берсін!
Қазақ елінің абыройы асқақтап, мәртебесі биіктей берсін!
 
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓