Апаттан әйел көз жұмды
Орны толмас өкінішке әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы Аманкелді ауданында болған. Бұл жайлы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлайды.
"9 тамыз күні сағат 20.24 шамасында Арқалық-Торғай тас жолында жол апаты болғаны туралы хабар Аманкелді АІІБ-нің кезекші бөліміне аудандық аурухананың фельдшерінен келіп түскен. Нақтысында, оқыс жайт Аманкелді ауданы Қарасу ауылы тұсында болған. "Ауди 80" көлігін тізгіндеген жүргізуші кенеттен рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне құлап кетеді. Салдарынан 47 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Медициналық куәландыруға сәйкес, апат кезінде жүргізуші сау болған", – делінеді хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағына ("Жол қозғалысы ережесін бұзу") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.