Қарасу ауданында қысқа дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нақты ақпараттарға сүйенсек, 2014-2015 жылғы жылыту маусымына жалпы көлемі 36,2 мың тонна көмір қажет.
Қазіргі таңда аудандағы мемлекеттік мекемелер көмірмен толықтай қамтамасыз етілді. Тұрғындарға жоспарланған 19 мың тонна көмірдің 17,8 мың тоннасы дайын. Аудан көлеміндегі білім беру нысандарының қысқа әзірлік жұмыстары ойдағыдай. Мектептердің жылу жүйелері толықтай жаңартылған.