Қыстың қамы үшін
Аманкелді ауданы Құмкешу ауылының тұрғындары Торғай өзенінің өз тұсын бөгеп алды.
Құрылыс жұмысына ауыл азаматтары және жергілікті шаруа қожалығының техникалары жұмылдырылды. Бөгет – ауылдықтарға мал азығын қамдау үшін қажет. Өзеннің арғы бетінің шөбі шүйгін болғанымен, өткелдің жоқтығынан ауылдықтар бұған дейін бергі беттегі қамыс-құрақты қор қылып келіпті. Судың екінші бетіне еркін өту мүмкіндігіне ие болғандар биылғы қыстан қысылмай шығарына нық сенімді.