Торғай тойына тарту

Биыл Жанкелдин ауданының құрылғанына 90 жыл. Аудан атқамінерлері айтулы оқиғаны күзге салым атап өтуді жоспарлап отыр. Ал туған жер перзенттері осы төл мерекеге әлден қамданып жатқандай. Өйткені Торғай азаматтары торқалы тойға қолдарынан келгенінше сый жасап жатыр. Мәселен, 1964 жылы туғандар орталық алаңдағы дала сахнасын қайта жаңартып, заман талабына сай құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, дәл жанына әртістердің киім ауыстыру бөлмесін қосымша салмақ. Электр жарығы тартылып, жан-жағына көшет отырғызу да жоспарға енген. Сахнаның екі жақ бұрышынан құстың қанатына ұқсас керме тартылады.сахна
Құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүрген Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Еренбол Алматовтың мәліметі бойынша, дала сахнасының жұмысына, жұмыскерлерге төленетін еңбекақыны қоса есептегенде, 9 млн теңге қаржы жұмсалған. Осы жұмыстарға көп күш салып отырған – кәсіпкер, еліміздің аяулы азаматы Балғабай Қабжанов. Қажетті құрылыс заттарын тасуға өзінің жекеменшік “КамАЗ” автокөліктерімен қолқабыс жасап отыр. Ол Торғайда шаруа қожалығын алғашқылардың бірі болып ашқан азамат. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қоса отырып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты. Табындап сиыр, үйірлей жылқы, отар-отар қой өсіріп, Торғай даласын малға толтырды. Еңбегі ескеріліп, облыстық, республикалық марапаттарға қол жеткізді. Жалпы, 1962 жылы туған азаматтар бастап, тәуелсіздіктің төл құрдастары яғни 1991 жылғылар қостап, ізгіліктің істі сабақтастыруда. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті 1993 жылы бітірген түлектер мектеп алдындағы ұлт ұстазының ескерткішін жаңалады.ыбырай
1976 жылы дүниеге келген азаматтар мектеп бітіргендеріне 25 жыл толуына орай, мерейтодың құрметіне осындай сый жасады. Аудандағы ауыл шаруашылығы саласының белсендісі Қайрат Раисов Ы.Алтынсарин көшесіне жаяу жүргіншілер жолын жасауға демеушілік көрсетіп, елдің ықыласына бөленді.IMG-20180720-WA0022
Басында айтып өткеніміздей, тәуелсіздік құрдастары және 1981 жылғы жігіттер “Торғай” атауы жазылған стеллаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кіреберіс қақпаны түрлі-түсті кірпіштермен өріп, көркіне сән кіргізуде. 1978-1983 және 1984 жылғы жігіттер Алла разылығы үшін Оспанқожа әулие мешітінің ауласын абаттандырып, қоршауын жасады. Сонымен қатар, мешіт асханасының терезелерін жаңалады.IMG-20180721-WA0000
                                                                Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
                                                                          Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓