Елбасы жаңа заңға қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Агенттік мәліметінше, Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.