Ахаң үйі қалпына келтірілді

Қостанай облысы Жангелді ауданының тұрғындары Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген үйді қалпына келтірді. Биыл ұлт көсемінің үйінде ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz-ке сілтеме жасап.   ахаңА.Байтұрсынұлы ауылының жанында көне қорым бар. Саздан соғылған қоршаулар әбден үгітіліп біткен. А.Байтұрсынұлының туыстары жерленген бір ғасыр бұрынғы зираттар да бірте-бірте жемірілуде. Моладан бір шақырымдай жерде, Ақкөл және А. Байтұрсынұлы ауылдарының арасында кішігірім үй бар. Көнекөз қарттардың айтуынша, сол жерде 1872 жылғы 5 қыркүйекте «Алаш» партиясының өкілі, қазақтың ұлы ғалымы әрі ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген.
Ол кездері мұнда Сарытүбек ауылы отырған.
«Ата-бабаларымыздың айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлы туған үй қаз-қалпында сақталған. Кеңестік кезеңде осында қоныстанған кеңшардың бақташылары да оны барынша сақтаған. Бірақ кейін үй бұзылып кетті. Екі ауылдың жастары үйді баяғы пішіні бойынша қалпына келтірді», – деп хабарлайды Ақкөл ауылының әкімі Балғабай Қалиев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓