Жобалар жүрісі жіті бақылауда

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласында бірқатар нысанды аралады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Ол ең әуелі индустриялық аймақ аумағындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Мұндағы "KamLitKZ" ЖШС құрылыс алаңына барды. Бұл жерде шойын құю зауыты және жетекші көпірлердің бас берілістерінің редукторларын өндіру зауытын салу жобалары іске асырылуда. Болашақта өндіріс қуаты жылына 40 мың тонна құйма шойын құйылмақ және екінші зауытта жылына 65 мың бірлік жетекші көпірлердің бас берілістерінің редукторлары өндірілмек", – делінеді баспасөз қызметі хабарламасында.
Одан әрі облыс әкімі пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу үшін кәдеге жарату хабының құрылыс алаңына барды. Жобаның бастамашысы – "AutoRecycling" ЖШС. Инвестиция құны – 4 млрд теңгеден астам. Мұнда 95-ке жуық жұмыс орны пайда болады. Зауыттың қуаттылығы жылына 5,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеуге мүмкіндік бермек. Осы жобалар үшін тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд теңгеден асады, мұның ықпалымен 700-ге жуық жұмыс орны ашылмақ.
Сондай-ақ, облыс әкімі арнайы коммерциялық техника өндіретін "Луидор" компаниясымен (Ресей Федерациясы) бірлесіп, жаңа жоба жүзеге асырып жатқан "TEHNOPARK KZ" ЖШС-нің аумағына барды. Аталған жобаның құны – 2,6 млрд.теңге, 200-ге дейін тұрақты жұмыс орны пайда болмақ. Нысанның қуаттылығы жылына 600-ге жуық арнайы автокөлік құрауға қауқарлы. Жобаны 2022 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.
Одан кейін ол "МТЗ Қазақстан" ЖШС-не барды. Бүгінгі таңда "МТЗ-Қазақстан" ЖШС Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта "Беларус " тракторларын өндіру жобасын іске асырды. Өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру мақсатында кәсіпорын жобаның екінші кезеңін – тракторларға арналған кабиналар өндірісін іске асыруға кірісті. Жобаның құны – 2,8 млрд.теңге, 100-ге жуық жұмыс орны құрылады.
Кейін А.Мұхамбетов көрермендерге арналған 2500 орындық Мұз сарайының құрылыс барысын қарап шықты. Мұз сарайы сағатына 50 адамды қабылдай алмақ.
Сонымен қатар, өңір басшысы облыс орталығының Бородин көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларына бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін жүргізілген жөндеу жұмыстарын тексерді. Осыы жылы Қостанай қаласында мұндай жұмыс 29 көп қабатты тұрғын үйге жүргізілген. 
Жұмыс соңында Арихмед Мұхамбетов Притобольск саябағының солтүстік бөлігін, қалпына келтірілген ауданы 11,6282 га алаңды қарап шықты, биыл "Шағала" жағалауының қолданыстағы бөлігіне ағымдағы жөндеу жүргізу, ал келесі жылы қалалық жағажайға дейін жаңа жол салу жоспарлануда.
Облыс әкімі Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓