Дычко дес берер емес

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. 
Американың Флорида шататында өткен бокс кешінде Иван Майкл Марронемен жұдырықтасты. Қарсылас қанша мықты болғанымен, Қостанай бокс мектебінің түлегі оны алғашқы раундта нокаудқа жіберді.
Иван үшін бұл алтыншы жеңіс. Ол барлық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп отыр. 2017 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан ол әлі ешкімге жеңілмеді.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓