Әуезов театры Аманкелді ауданында

Аманкелді ауданында халық әртісі Әнуар Боранбаевтың 70 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Алматыдан ат артып келген құрметті қонақтар алдымен Тасты ауылындағы Кейкі батыр ескерткішіне барып, баба рухына құран бағыштады.
Одан соң Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепке келіп, ғимарат алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Әйгілі әртіс рухына тағзым етті.

FB_IMG_1528334359543

Түстен кейін Б.Қолдасбаев атындағы орта мектептің мәжіліс залында Ә.Боранбаевты еске алуға арналған «Даланың дара  саңлағы» атты  конференция өтті. Конференцияда Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы А.Әбенов құттықтау сөз сөйлеп, Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақов, М.Әуезов атындағы театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров баяндама жасады және есімдері елге танымал бірқатар тұлға жарыссөзге шығып, театр мен кино өнерінің жарық жұлдызы Ә.Боранбаев өмірі мен өнерінің белгісіз қырлары жайында естеліктерімен бөлісті. 

FB_IMG_1528334369583Конференция аяқталысымен іс-шара қонақтары аудандық Мәдениет үйінде М.Әуезов атындағы театр әртістерінің «Сыған серенадасы» қойылымын тамашалады. Қойылым өте әсерлі болды. Одан соң шара қонақтары аудандық мұражайды аралап, аудандық Мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

FB_IMG_1528334377548

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓