Левит ширек финалға өтті

Жерлесіміз Василий Левит бокстан ҚР Президенті Кубогында бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті. 20180606000423
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Левит үндістандық Санжит Санжитпен айқасты. Екінші раундта қазақстандықтың сәтті шабуылынан кейін Санжит нокдаунға түссе де, жекпе-жекті жалғастырды. Кейін Василий қарсыласының басына қатты соққы беріп, оны нокаутқа жіберді.
Василий Левит 8 маусымда ширек финалда қытайлық боксшы Ванг Жибаомен рингтке кездеседі.
Еске салайық, ҚР Президентінің Кубогы 5 маусымда Астанада басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. Жыл сайынғы турнирге 15 елдің әуесқой боксшылары қатысады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓