Ұшақ жолақтан шығып кетті
«Скат» әуе компаниясының ұшағы Қостанайдағы әуежайда қауіпсіздік жолағынан шығып кетті. «Бүгін Алматы-Қостанай бағдарының рейсін орындаған «Скат» әуе компаниясының Боинг 737 ұшағы қонғаннан кейін қауіпсіздік жолағының сол жағына шығып кетті», – делінген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Анықталғандай, бортта 80 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тіркелген оқиғаға қатысты оның себебін анықтау мақсатында тергеу басталды.