12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Бұған дейін WhatsApp әлеуметтік желісінде «Арқалық қаласының маңындағы ауылда қытайлар бейіттерді қиратып жатыр» деген жалған ақпарат тараған болатын. Полиция бұл қауесетті таратқан Арқалық қаласының тұрғыны 33 жастағы әйел адам екенін анықтады. Келіншек желіде Арқалықтың Ашутасты ауылында «қытайлар бейіттерді қиратып жатыр» деген хабарлама келгенін айтады. Кейін ол ақпаратты сақтап, WhatsApp желісі арқылы таратқан.
«33 жастағы Арқалық тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3 тармағы (телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Аталмыш бап бойынша бес мың айлық көрсеткіш түрінде айыппұл (12 млн теңге) немесе дәл сол көлемдегі түзеу жұмыстары немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осындай уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына күмәнді және дәлелденбеген ақпаратты таратпауға кеңес берді. Басылымда айтылғандай, Ашутасты ауылындағы зират қиратылған. Бұны мектеп оқушыларының жасағаны анықталды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓