Ерлі-зайыптылар опат болды

Қайғылы жайт кеше Қарабалық ауданының Станционный ауылында болған. Пожарррр
(иллюстрациялық сурет)
Облыстық ТЖД мамандарының мәліметінше, сағат 04.36-да жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Баспананың дәлізі, кіреберіс бөлмесі тілсіз жау құрсауында қалып, жалын жартылай шатырды да шарпыған. Өрт ауқымы 30 шаршы метр болды. 
"Өрт сөндірушілер келгенше опат болғандардың денесі үй ішінен тысқа шығарылды. Марқұмдар – 80 жастағы үй иесі мен 78 жастағы зайыбы. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп хабарлайды ТЖД мамандары. 
Алауды ауыздықтауға №11 өрт сөндіру бөлімінің бес қызметкері екі автоцистернамен келген. Сондай-ақ, өртсөндіру құрылымы да ерікті түрде тілсіз жаумен күресуге көмектесті. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓