Жаза – шартты түрде

Мас күйінде туған қызына пышақ сұғып алған қостанайлық әйел шартты түрде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.сот
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Қостанай қаласында 7 қаңтар күні сағат 16:30-дар шамасында болған. 32 жастағы Л. Семенищева мас күйінде 13 жасар қызына пышақ салған. Ауыр дене жарақаттарын алған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
«Л. Семенищев ҚР ҚК 63-бабына сәйкес айыпты деп танылып, 5 жылға шартты түрде сотталды. Осы уақыт аралығында оған пробациялық бақылау орнатылады. Ол «Алкогольді қолдану нәтижесіндегі психикалық ауытқуы, мінез-құлықтың бұзылулары синдромы» диагнозы бойынша мәжбүрлі түрде емделу шараларынан өтеді»,- деп хабарлады ведовствоның баспасөз қызметі. Еске салсақ, сот өз баласына пышақ салған 32 жастағы әйелді қамауға алуды санкциялаған болатын.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓