Ыстан уланды
Оқиға күні кеше Қамысты ауылында болды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Ауылда екі пәтерлі тұрғын үй өртенген. Ауқымы – 8 шаршы метр.
"Тілсіз жаумен күрес 22.23-те басталып, алау 22.35-те ауыздықталды. Өрт ішінен ыстан уланған 62 жастағы ер адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді", – делінеді хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, өртке отты пайдалану кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін.