Жерлестеріміздің жолы болмады
Таяуда Семей қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында Қазақ КСР-ының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Оған Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Иран, Литва, Әзербайжан, Армения, Грузия, Венгрия тәрізді мемлекеттердің палуандары қатысты. Міне, осы байрақты бәсекеде ел құрамасы сапында өнер көрсеткен қостанайлық Талғат Жиентаев 5 орынды иеленді. Ол алғашқыда венгриялық боз кілем шеберін жеңсе, екінші рет алаң иесі Салауат Ахметқалиевтен басым түсті.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ