«Мемлекеттік тіл – мелекеттік қызметте!»

Меңдіқара ауданының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелердің қызметшілері арасында «Мемлекеттік тіл – мелекеттік қызметте!» атты аудандық байқауы өтті. c8hRhLKVk4oБайқауға «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сүлейменова Бақыткүл Зарлыққызы төрағалық етті. Байқауға 7 топ қатысты. Олар: «Сұңқар» тобы – аудандық ішкі саясат бөлімі, «Болашақ» тобы – Аудандық мәслихат бөлімі, «Рухани жаңғыру» – Қазынашылық басқармасы, Аудандық аумақтық инспекциясы, Первомай әкімінің аппараты, «Жолбарыс» тобы – Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты, «Тіл қырандары» – жұмыспен қамту бөлімі, «Алға» тобы – ауылшаруашылық бөлімі, «Болашақ» тобы – Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты.
Байқау 4 кезеңнен өтті. Қатысушылар белсенді қатысып, өз бақтарын сынады. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша I орын «Жолбарыс тобы» – Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппаратына бұйырса, II орынды – «Алға тобы» – Ауылшаруашылық бөлімі, III орынды – «Рухани жаңғыру» – Қазынашылық басқармасы, Аудандық аумақтық инспекциясы, Первомай әкімінің аппараты иеленді. Барлық қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓