Өлкетану материалдары – сандық жүйеде

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Әлеуметтік саланы цифровизациялау» кіші бағдарламасы іске асырылмақ. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, биыл осы мақсатта 2 жоба қолға алынды. Оның бірі мәдени іс-шараларға онлайн билет сату жүйесін енгізу болса, екіншісі – «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» толықмәтінді деректер базасы.IMG_7147-Бүгінде облыстағы мәдени мекемелер, атап айтқанда қазақ және орыс драма театры, облыстық филармония Қазақстандағы ірі онлайн билет сату қызметі – «Ticketon.kz» арасында келісім-шартқа қол қойды. Сол себепті қызметкерлер аталған жүйеде жұмыс істеу үшін арнайы оқу курстарынан өтті. 2018 жылдың бірінші тоқсанында-ақ, 113 билет онлайн сатылды, – деді Ерлан Қалмақов өз баяндамасында.
Мәдениет басқармасы ұсынған тағы бір жаңашылдық – толықмәтінді электронды ресурстарды пайдалану. Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана базасында «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» жобасы жүзеге асырылады.IMG_7199– Толықмәтінді мәліметтер базасы пайдалану арқылы мерзімді басылымдар, кітаптардың электронды нұсқасына қол жеткізуге болады. Бұған қоса өлкетану материалдары сандық жүйеге көшіріледі. Мәліметтер PDF форматында қолжетімді. Бүгінге дейін 3000-дай құжат көшіріліп алынды. Кітапханашылар өлкетану құжаттарын, газет архивтерін республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге («РАБИС») енгізеді. Мұнан соң кез келген адам өздеріне қажетті ақпараттарды қарап, жүктей алады, – деді Ерлан Болатұлы.
Басқарма басшысы айтқандай, заманауи қазақ мәдениетін таныстыру бойынша бірнеже жоба жоспарға енді. Осы саладағы жұмыс биыл жалғасын табады.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ,
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓