Екі бала ыстан уланды
Оқыс жайт Қостанай ауданының Алтынсарин ауылында болды, деп жазады alau.kz, облыстық ТЖД-не сілтеме жасап.
22 наурызда жеке тұрғын үйде пешті абайсыз тұтыну салдары келеңсіздікке соқтырды.
22 наурызда жеке тұрғын үйде пешті абайсыз тұтыну салдары келеңсіздікке соқтырды.
"Пеш қазандығының ақауы кесірінен қатты отынның ысы үй ішін жайлап, 6 және 15 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді", – деп хабарланады ведомство ақпаратында.
Құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы ескертіп, пеш тұтыну кезінде сақ болуға шақырады.
























