Мұқтаж жандарға көмектесті

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кәсіпкерлермен кездесіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы әңгімелесті. Жалпы, өңір кәсіпкерлері бұл ретте қыруар жұмыс атқарған. Мәселен, өңірде көпбалалы он отбасы баспанамен қаматамасыз етілді. 372 отбасына отын-су түсіріліп берілген, жиырма отбасының коммуналдық төлемдері өтелді. 758 отбасыға азық-түлік пакеттері үлестірілген. Осының бәріне 45,8 млн теңге жұмсалыпты.IMG-20190304-WA0023
         -Бүгінде «Нұр Отан» партиясы» «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнесті мемлекеттік қолдаудың принциптері негізінде  жақсарту жұмыстарын қолға алған. Меніңше, бизнес-қауымдастықтар өз тарапынан әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпауы тиіс. Қазір кәсіпкерлер Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Бақытты отбасы» жобасына белсенді түрде қатысып жатыр. Көпбалалы отбасыларға нақты көмектер көрсетілуде.  Алдағы уақытта олар жекелеген тұрмысы төмен отбасыларды шефтік қамқорлыққа алуы керек. Бұл халықтың тұрмысын жақсартуда ежәптәуір көмек,-деді облыс әкімі.
            Бүгінде өңірде төрт және одан көп бала өсіріп, тәрбиелеп отырған 5 086 отбасы есепте. Олардың бәрі нақты бақылауда тұр. Облыста, аудандар мен қалаларда тұрмысы төмен отбасыларға қандайда бір көмек қолын созып, олардың мәселелерін шешуде шұғыл штаб жұмыс істейді. Олар ең алдымен кімнің жағдайы өте ауыр, соларға көмектеспек.
            -Бес бала өсіріп, тәрбиелеп отырған Смирновтар отбасы соңғы он жылдың көлемінде зорға күнелтіп келеді. Үйлерінде, тіпті, жарық жоқ. Сергей Ким жетекшілік ететін «БК-Строй» компаниясы оларға Тобыл стансасынан үй сатып әперді. Сондай-ақ, «Рамазан-Қарасу» ЖШС көпбалалы екі отбасыны екі бөлмелі пәтермен, ал «Агро-Парасат» ЖШС үш бөлмелі пәтермен  қамтамасыз етті,-деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
           Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.  Мәселен, осы уақытқа дейін 486 тонна көмір, 191куб ағаш, 55 тонна шөп, 10,4 млн теңгеге азық-түлік сатып алынған. Осының бәрі тұрмысы төмен отбасылардың мұқтажын өтеуге жұмсалды.IMG-20190304-WA0025
            Әзірге, жұмыспен қамту мәселесі қалып тұр. Бірақ, ол да шешімін табады.  Жақында ғана «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев атап өткендей,  кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан адамдарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында тегін оқытып, оларға өз кәсібін ашуға көмектеседі. Ол үшін нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікпен айналысу бағдарламасына көпбалалы отбасыларын қолдаудың жеке компонентін қарастырып, тиісті қаражат бөлу қажет.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓