Облыс әкімі құттықтады

Құрметті Александр Анатольевич!
 
Сізді лайықты жеңісіңізбен құттықтайымын! Сіз Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, спорт әлемінде Қазақстанның абыройын асқақтаттыңыз!
Сіз өзіңіздің жеңіске деген жігеріңіздің және тынымсыз еңбегіңіздің арқасында спринтерлік шаңғы жарысының барлық түрінде үздік шығып, Паралимпиада ойындарына ел тарихындағы тұңғыш "алтын" медальді қоржынға салдыңыз.
Сіз – Отаныңыздың нағыз патриотысыз! Біз сіздің жеңісіңізбен мақтанамыз және жаңа табыстар тілейміз!
 
Архимед Мұхамбетов,
Қостанай облысының әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓