Бейімбет Майлин көшесі
Таран ауданының орталығындағы бұрынғы Советская көшесіне ұлттық сөз өнерінің аса көрнекті өкілі, ақын, классик жазушы, публицист, драматург Бейімбет Майлиннің есімі берілді.Бұған дейін ауданға Би-ағаның атын беру талай рет айтылған болатын. Бұл мәселе қазір республика деңгейінде қаралып датыр. Ақынның алдағы 125 жылдық мерейтойы қарсаңында қуанышты хабардың жетуі әбден мүмкін.