Өңіріміздің құрметті азаматтарының есімдері белгілі болды

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының 5-ші шақырылымында «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағына үміткерлердің тізімі ұсынылып, азаматтарды депутаттар бірауыздан мақұлдады.
акимматСонымен, мәслихаттың бұл мәжілісі «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қаркен» ЖШС-нің директоры Сайран Бұқановты, еңбек ардагері «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлсабыр Дәрменбаевты, қарт агроном, «Қазақстанның Еңбек Ері» Валентин Двуреченскийді, «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті Мұхамеджан Турдахуновты және мемлекеттік қызмет ардагері, жазушы Петр Чернышты «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағына лайық деп тауып, комиссия төрайымы А.Сауденова шешім шығарды.
 
Нұрболат Мешітбаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓