Түрік компаниясымен келіссөз жүргізді

қазақ-түрікОблыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы қазақ-түрік ынтымақтастығы талқыланды.
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов «DervisogluGroup» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.
Компания органикалық өнімдерді өсіру, өңдеу және экспорттау жобаларын жүзеге асыруға маманданған және Стамбул өнеркәсіптік палатасының ТОП-500 көшбасшы кәсіпорындарының бірі.
түрік-қазақ6Кездесу барысында ауыл шаруашылығы органикалық өнімдерін өндіру саласында әлеуетті ынтымақтастықты жолға қою туралы келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ, сапар аясында шетелдік қонақтар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен бірге Федоров ауданына барып, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және органикалық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындармен кездесу өткізді. 
Осы бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметімен жақын танысу үшін делегация «Успеновское» шаруа қожалығына барды.
   Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓