5658 жол ережесі бұзылған

28 күн ішінде "Автобус" жедел алдын алу шарасы аясында 5658 түрлі жол ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде 101 жүргізуші мас күйінде ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлайды.пьяный за рулем
Облыстық ведомство ақпаратынша, қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысымен 446 ережебұзушылық тіркелді. Сондай-ақ, жүргізушілер рейсалды техникалық және медициналық тексеруден өтуге асықпайды. 50 көлік иесі тізгінде келе жатып телефонмен сөйлескені үшін жазаланды. Тағы 12-сі жылдамдық асырғаны үшін айыпталды, ал 15 жүргізуші заңсыз тасымалмен айналысқан. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓