Жаңа мереке пайда болды
Қазақстан Республикасының мерекелер тізімі тағы бір атаулы күнмен толықты. Бұл туралы kapital.kz сайты жазады.
Бұдан былай 9 маусым әскери қызметкерлердің және мемлекеттік органдардың арнайы жасақ бөлімшелері қызметкерінің кәсіби мерекесіне айналады.
2021 жылдың 16 маусымында премьер-министр Асқар Мамин қол қойған үкімет қаулысы республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.