Спортшыларға сыйақы берілуі мүмкін

Қостанайда Универсиада алауы эстафетасын салтанатты тапсыру рәсіміне қатысты өңірлік штаб баспасөз конференциясын өткізді. 16105913_115589532284085_8941200492965076589_nЭстафетаның Қостанайдағы рәсімі екі кезеңнен тұрады. Бас-аяғы 60 адам алаумен жүгіріп өтпек. Олардың 32-сі спортшы, сондай-ақ басқа да белсенді жастар мен мүмкіндігі шектеулі 3 азамат қатысады.
Ал Алматыда жалауын көтеретін бүкіләлемдік Универсиада ойындарына Қостанайдан 4 спортшы аттанбақ. Олар жеңіс тұғырынан көрінген жағдайда, облыс әкімдігі сыйақы беруді қарастырып жатқанын мәлімдеді. Дегенмен, универсиадада топ жарған қазақстандықтарға 1,6 млн теңгеден 4,6 млн теңгеге дейін қаржылай сыйлық міндетті түрде беріледі.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓