Байбатыр мен Тобаның айтысы (ЖАҢАРТЫЛДЫ)
Ал, құрметті оқырман, Тобыл-Торғай өңірі ақындарының басын біріктірген "Ел мерейі – Елорда" атты жазба айтысты ашық деп жариялаймыз!
Облыстық мәдениет басқармасы мен "Қостанай таңы" облыстық газеті бірлесіп қолға алған бұл мәдени шара Астананың 20 жылдығына арналып отырғанын естеріңізге саламыз. Өлең жарысында бабы мен бағын сынағалы отырған ақындар осы жолы ұзаққа шаппақ. 8 жұп өнерпаз 5 ай бойы жыр сайысында сыналады. Шарты бөлек, нарқы ерек бұл айтысқа интернет тұтынушылары біздің сайт арқылы ғана куә бола алады. Ал төрешілердің қорытынды шешімі газет бетінде жарық көретінін де айта кетейік.
Сонымен, жазба айтыстың әлқиссасын жеребе арқылы анықталған алғашқы жұпқа береміз. Олар – Жанкелдин ауданының ақыны Байбатыр Ахметбеков пен аманкелділік айтыскер Тоба Өтепбаев. Қос ақын бұған дейін айтыс алаңында талай рет кездескен, бір-біріне сыры мәлім сөз шеберлері.Олар өзара ымыраласып, сөз бастауды Тоба міндетіне алыпты. Ендеше, есімі елге танылған, жігері жырмен жанылған, топты көрсе түлеген, талай додада аузын айға білеген дарынның қарымын бағып көрейік. Жазбасына назар тігіп қана қоймай, баға беріп отырудан да шет қалмайық, қадірменді қауым!
Тоба:
" Жиырма жылдық тойында Астананың,
Қостанай ізі қалған "Қос тананың",
Айтулы айтыс жасап жатыр екен,
Жөн болмас үлесімді қоспағаным.
Ассалаумағалейкүм, сəлем бердім,
Қалың ел, амансыздар, асқаралым!
Бір сəлем Байбатырдай жездемізге,
Апамның бағып жүрген қас-қабағын.
Бір күн күттік жоқ болды хат-хабарың,
"Айтысты баста" деп ем, бастамадың.
Қырықтың алам десең тас қамалын,
Жақсы еді сөз бастаудан қашпағаның.
Ұлтымыздың ұясы – Қарт Торғайдың,
Бойыңа сіңірдің бе босқа нəрін?!
Кешегі Жауырторы Нұрхандардай,
Жырыңыздан, қанекей, шашса жалын!
Мейілің, баста десең, мен-ақ бастайын,
Жоқ ешбір шаршы топтан жасқанарым.
Елің, жұртың аман ба? Енді осы бір
Сөзімізді жауапсыз тастамағын.
Дұрыс көрген шығарсыз жас қаланың,
Тойында сөз бастауын жас баланың.
Қостанай ізі қалған "Қос тананың",
Айтулы айтыс жасап жатыр екен,
Жөн болмас үлесімді қоспағаным.
Ассалаумағалейкүм, сəлем бердім,
Қалың ел, амансыздар, асқаралым!
Бір сəлем Байбатырдай жездемізге,
Апамның бағып жүрген қас-қабағын.
Бір күн күттік жоқ болды хат-хабарың,
"Айтысты баста" деп ем, бастамадың.
Қырықтың алам десең тас қамалын,
Жақсы еді сөз бастаудан қашпағаның.
Ұлтымыздың ұясы – Қарт Торғайдың,
Бойыңа сіңірдің бе босқа нəрін?!
Кешегі Жауырторы Нұрхандардай,
Жырыңыздан, қанекей, шашса жалын!
Мейілің, баста десең, мен-ақ бастайын,
Жоқ ешбір шаршы топтан жасқанарым.
Елің, жұртың аман ба? Енді осы бір
Сөзімізді жауапсыз тастамағын.
Дұрыс көрген шығарсыз жас қаланың,
Тойында сөз бастауын жас баланың.
Сəулетті сұлу қала дəл осындай,
Қазақтың болды қашан даласында-ай.
Көшпелі көне тарих көшіне ерген,
Жас қала – бар қазақтың баласындай.
Рухани Астана Түркістанды,
Тəу етер көреді жұрт нақ асылдай.
Сығанақ, Сайрам, Отырар көне шаһар,
Түгел түркі жұртының панасындай.
Орынбор мен Омбының орны бөлек,
Жанымның жазылмайтын жарасындай.
Ең алғашқы астана Ақмешітті,
Көремін елордамның бабасындай.
Одан кейін "Верный" деп аталатын,
Алмалық сұлулықтың қаласындай.
Алматы – Қонаевтың Қолтаңбасы,
Бүгінгі Астананың ағасындай.
Астана, Алматыны көреді жұрт
Көзінің ағы менен қарасындай.
Елорда – еліміздің жан-жүрегі,
Енді одан тек таза қан таратылғай.
Ал он төрт облысы – қан тамыры,
Денеге қуат сыйлар жанашырдай.
Өзінің Астанасын əрбір қазақ,
Көзінің қорғау керек қарасындай.
Қазақтың болды қашан даласында-ай.
Көшпелі көне тарих көшіне ерген,
Жас қала – бар қазақтың баласындай.
Рухани Астана Түркістанды,
Тəу етер көреді жұрт нақ асылдай.
Сығанақ, Сайрам, Отырар көне шаһар,
Түгел түркі жұртының панасындай.
Орынбор мен Омбының орны бөлек,
Жанымның жазылмайтын жарасындай.
Ең алғашқы астана Ақмешітті,
Көремін елордамның бабасындай.
Одан кейін "Верный" деп аталатын,
Алмалық сұлулықтың қаласындай.
Алматы – Қонаевтың Қолтаңбасы,
Бүгінгі Астананың ағасындай.
Астана, Алматыны көреді жұрт
Көзінің ағы менен қарасындай.
Елорда – еліміздің жан-жүрегі,
Енді одан тек таза қан таратылғай.
Ал он төрт облысы – қан тамыры,
Денеге қуат сыйлар жанашырдай.
Өзінің Астанасын əрбір қазақ,
Көзінің қорғау керек қарасындай.
Сіңіспеген жан едім қалаға онша,
Табиғатқа жақындау Тоба болса.
Мен сəулетті қалада өскен жоқпын,
Еркіндікті сүйеді дала болса.
Ауылдың баласына атқа мініп,
Қызық қой қыста тебер шана болса.
Елорда еліміздің жүрегі екен,
Жүректе жаман нəрсе жара болса.
Иман қашып баспайды іс ілгері,
Адамның жүрегі де қара болса.
Ол жүрекке нұр сыйлар дей алмаймын,
Бəрі де тек аузымен орақ орса.
Ол жүректі қуантар дей алмаймын,
Алтауының ауызы ала болса.
Сондықтан жылу шашар жан-жағына,
Жүректі кірлетпейік, шама болса.
"Астана – еліміздің жүрегі" деп,
Басқаға мəн бермейді қазақ онша.
Қаймағы қалың жұрттың бұзылмайды,
Сол жүрек сүттей аппақ таза болса.
Табиғатқа жақындау Тоба болса.
Мен сəулетті қалада өскен жоқпын,
Еркіндікті сүйеді дала болса.
Ауылдың баласына атқа мініп,
Қызық қой қыста тебер шана болса.
Елорда еліміздің жүрегі екен,
Жүректе жаман нəрсе жара болса.
Иман қашып баспайды іс ілгері,
Адамның жүрегі де қара болса.
Ол жүрекке нұр сыйлар дей алмаймын,
Бəрі де тек аузымен орақ орса.
Ол жүректі қуантар дей алмаймын,
Алтауының ауызы ала болса.
Сондықтан жылу шашар жан-жағына,
Жүректі кірлетпейік, шама болса.
"Астана – еліміздің жүрегі" деп,
Басқаға мəн бермейді қазақ онша.
Қаймағы қалың жұрттың бұзылмайды,
Сол жүрек сүттей аппақ таза болса.
Көріп өскен ат жарыс, құнан бəйгі,
Тоба да топты көрсе тұра алмайды.
2017-де ЭКСПО деп,
Елорда бастап еді ұранды əйгі.
Ондай сəтте сүлікше тұмсық тығып,
Жемқорлардың желкесі жуандайды.
Баяғы ұстаздар мен дəрігерлер,
Бастықтың айтқанынан шыға алмайды.
5 мыңнан билет алып бармаса егер,
Жасыл шардың ішіне кіре алмайды.
Ол билетті алмаса, бір жыл бойы
Жұмыста құты қашып, жүре алмайды.
Жездеке, сен де барып келіпсің ғой,
Естімей қаламыз ба біз ондайды.
Келіпті Африкалық негрлер де,
Мүйіздерін шошайтып ұялмайды.
Жапырақтары жап-жасыл, сарғаймайды,
Суармайды, сонда да қуармайды.
Елдің бəрі солармен естелік деп,
Суретке түскеніне қызармайды.
Соның бірі – өзіңіз, мəз болыпсыз,
Көрдім деп тұңғыш рет мынандайды.
Құдай білер, бұл жездем мені көрсе,
Сол негрді көргендей қуанбайды.
Дегенмен қара торы Байбатырдың,
Көмір қара негрден түрі аумайды.
Жапырақ байлап солармен бірге жүрсең,
Ешкім сені қазақ деп біле алмайды…"
Тоба да топты көрсе тұра алмайды.
2017-де ЭКСПО деп,
Елорда бастап еді ұранды əйгі.
Ондай сəтте сүлікше тұмсық тығып,
Жемқорлардың желкесі жуандайды.
Баяғы ұстаздар мен дəрігерлер,
Бастықтың айтқанынан шыға алмайды.
5 мыңнан билет алып бармаса егер,
Жасыл шардың ішіне кіре алмайды.
Ол билетті алмаса, бір жыл бойы
Жұмыста құты қашып, жүре алмайды.
Жездеке, сен де барып келіпсің ғой,
Естімей қаламыз ба біз ондайды.
Келіпті Африкалық негрлер де,
Мүйіздерін шошайтып ұялмайды.
Жапырақтары жап-жасыл, сарғаймайды,
Суармайды, сонда да қуармайды.
Елдің бəрі солармен естелік деп,
Суретке түскеніне қызармайды.
Соның бірі – өзіңіз, мəз болыпсыз,
Көрдім деп тұңғыш рет мынандайды.
Құдай білер, бұл жездем мені көрсе,
Сол негрді көргендей қуанбайды.
Дегенмен қара торы Байбатырдың,
Көмір қара негрден түрі аумайды.
Жапырақ байлап солармен бірге жүрсең,
Ешкім сені қазақ деп біле алмайды…"
Байбатыр:
"Ассалаумағалейкүм, оқырмандар,
Жазба айтыс болады деп оқығандар.
Ақындар сүбелі сөз айтады деп,
Тағатсыз бізді күтіп отырғандар.
Рухани көтерсек рухыңды,
Құр босқа қошеметтеп отырмаңдар.
"Елу жылда ел жаңа" деген сөзді,
Санасына сіңіріп тоқығандар.
Алғашқы жұбы болдық біз айтыстың,
Кейінге қалып жатыр шошығандар.
"Тоба менен Байбатыр бастасын" деп,
Көп екен атой салып қосылғандар.
Жазба айтыс болады деп оқығандар.
Ақындар сүбелі сөз айтады деп,
Тағатсыз бізді күтіп отырғандар.
Рухани көтерсек рухыңды,
Құр босқа қошеметтеп отырмаңдар.
"Елу жылда ел жаңа" деген сөзді,
Санасына сіңіріп тоқығандар.
Алғашқы жұбы болдық біз айтыстың,
Кейінге қалып жатыр шошығандар.
"Тоба менен Байбатыр бастасын" деп,
Көп екен атой салып қосылғандар.
Домбырасыз айтысуым алғаш рет –
Алабұртқан көңілдің қошын аңғар.
Не де болса, жыр көшін ізге салған,
Ал, ағайын, алдыңда қос ұлан бар.
Сүт бетінің қаймағы біз болдық қой,
Теңеуім дәлелдей ғой осыған дәл.
Сүт бетінің қаймағы біз болдық қой,
Теңеуім дәлелдей ғой осыған дәл.
Мен қалай сөз бастаудан жасқанамын? –
Мұрындығы болайық бастаманың.
Барша әлем көзін тіккен ЭКСПО-мыз,
Мерейін өсірді ғой бас қаланың.
Шетелдіктер таң қалып көрмемізге,
Тамсандырып жүр дейді басқаларын.
Аспанменен астасқан зәулім үйлер,
Бірге шырқап тұрғандай аспан әнін.
Еңселі Елорданың ертеңі үшін,
Толғау болып жазылар дастан-әнім.
Тобадай балдызымды жұптастырды,
Тілі өткір жүзіндей ұстараның.
Тебіреніп жырлаған Астананы,
Арманы жүзеге ассын жас баланың.
Мұрындығы болайық бастаманың.
Барша әлем көзін тіккен ЭКСПО-мыз,
Мерейін өсірді ғой бас қаланың.
Шетелдіктер таң қалып көрмемізге,
Тамсандырып жүр дейді басқаларын.
Аспанменен астасқан зәулім үйлер,
Бірге шырқап тұрғандай аспан әнін.
Еңселі Елорданың ертеңі үшін,
Толғау болып жазылар дастан-әнім.
Тобадай балдызымды жұптастырды,
Тілі өткір жүзіндей ұстараның.
Тебіреніп жырлаған Астананы,
Арманы жүзеге ассын жас баланың.
Астана – арман қала арқадағы,
Заманның ауыр жүгін арқалады.
Аз уақыт ішінде бой көтердің,
Мәртебең, арман қала, артады әлі.
Бәйтерегің көк тіреп, бірлігіңе,
Тамсанды бүкіл әлем шартарабы.
Абылайдың ордасындай Ханшатырың
Кірсеңіз, заманға сай бар талабы.
Пирамида пейіштің төріндей ғой,
Адамзат үкілі үміт арта алады.
Көркіңді жырлай берсем, сөзім жетпес,
Есілдей өзенің бар сан салалы.
Табиғатың тамаша сезінгенге,
Самал жел құшақ жайып қарсы алады.
Жұмаққа топ еткендей мен отырмын,
Бетімнен үп еткенде таң самалы.
Хош иісі, жұпары қуат берсе,
Адамның сезілмейді шаршағаны.
Бар қазақтың арманы осы емес пе,
Ендеше, орындалды аңсағаны.
Заманның ауыр жүгін арқалады.
Аз уақыт ішінде бой көтердің,
Мәртебең, арман қала, артады әлі.
Бәйтерегің көк тіреп, бірлігіңе,
Тамсанды бүкіл әлем шартарабы.
Абылайдың ордасындай Ханшатырың
Кірсеңіз, заманға сай бар талабы.
Пирамида пейіштің төріндей ғой,
Адамзат үкілі үміт арта алады.
Көркіңді жырлай берсем, сөзім жетпес,
Есілдей өзенің бар сан салалы.
Табиғатың тамаша сезінгенге,
Самал жел құшақ жайып қарсы алады.
Жұмаққа топ еткендей мен отырмын,
Бетімнен үп еткенде таң самалы.
Хош иісі, жұпары қуат берсе,
Адамның сезілмейді шаршағаны.
Бар қазақтың арманы осы емес пе,
Ендеше, орындалды аңсағаны.
Ассалаумағалейкүм, ақын балдыз,
Өнерге бала кезден жақын балдыз.
Дүбірлі додаларда топты жарып,
Бірінші келуші еді атың, балдыз.
Аяулы ақын Айбектің шәкіртісің,
Әр сөзін жеткізетін батыл балдыз.
Шымшылап шындық айтып жүруші едің,
Еселеп кетті ме екен хақың, балдыз.
Ал енді кезегіңді күттірмейін,
Шынайы шабытыңды шақыр, балдыз.
Өнерге бала кезден жақын балдыз.
Дүбірлі додаларда топты жарып,
Бірінші келуші еді атың, балдыз.
Аяулы ақын Айбектің шәкіртісің,
Әр сөзін жеткізетін батыл балдыз.
Шымшылап шындық айтып жүруші едің,
Еселеп кетті ме екен хақың, балдыз.
Ал енді кезегіңді күттірмейін,
Шынайы шабытыңды шақыр, балдыз.
От болып алауладың, жандың, балдыз,
Кәнігі әдетіңе салдың балдыз.
Әйелдің бағып жүрген қас-қабағын,
Демеймін әлемдегі жанмын жалғыз.
Әйел деген ана ғой мейірімді,
Қуат нәрін анадан алдым, балдыз.
"Айтысты сен баста" деп айтып едім,
Неге сонша әріге бардың, балдыз?
Қарт Торғай жыраулардың мекені ғой,
Сол мекенде тұрақтап қалдым жалғыз.
Долылық қандарыңда бар-ау сірә,
Шап беріп жағамыздан алдың, балдыз.
Кәнігі әдетіңе салдың балдыз.
Әйелдің бағып жүрген қас-қабағын,
Демеймін әлемдегі жанмын жалғыз.
Әйел деген ана ғой мейірімді,
Қуат нәрін анадан алдым, балдыз.
"Айтысты сен баста" деп айтып едім,
Неге сонша әріге бардың, балдыз?
Қарт Торғай жыраулардың мекені ғой,
Сол мекенде тұрақтап қалдым жалғыз.
Долылық қандарыңда бар-ау сірә,
Шап беріп жағамыздан алдың, балдыз.
Қашанда айтар сөзді жобалаңыз,
Бұл айтыс болашаққа болар аңыз.
Сұр бойдақтың кебін киіп жүрсің әлі,
Олқылау боп көрінер сол араңыз.
Үй болып отау құрар сәтің енді,
Күшің де жетер сенің оған жалғыз.
Қошқардікін күтумен қасқыр өлген,
Енді қашан үйленесің Тоба балдыз?
Бұл айтыс болашаққа болар аңыз.
Сұр бойдақтың кебін киіп жүрсің әлі,
Олқылау боп көрінер сол араңыз.
Үй болып отау құрар сәтің енді,
Күшің де жетер сенің оған жалғыз.
Қошқардікін күтумен қасқыр өлген,
Енді қашан үйленесің Тоба балдыз?
Тобажан, алынбайтын қамалдайсың,
Әр сөздің басын шалып, амалдайсың.
Жездеңді "көмір" дедің, "негр" дедің,
Әйтеуір ретін тауып жамандайсың.
Жапырақ байлап алса жездемізге,
Шынайы жарасар деп бағамдайсың.
Алақандай жапырақ жетіп жатыр,
Оған балдыз несіне алаңдайсың?
Пошымына келетін апаңыздың,
Байлайтұғын жапырақ таба алмайсың.
Сондықтан мені ойлама, апаңды ойла,
Әйтпесе, кең көсіліп шаба алмайсың.
Негрменен түсіп ем суретке,
Ойыңды жүйелепсің бұл ретте.
"Мені көрсе қуанбайды" деп айтасың,
Жаманатты көрсетіп күллі көпке.
Қара домалақ қазақтың баласымын,
Өнерден таба білген жарасымын.
Африкалық негрге ұқсатасың,
Апаңыздың тот баспас бар асылын.
Әр сөздің басын шалып, амалдайсың.
Жездеңді "көмір" дедің, "негр" дедің,
Әйтеуір ретін тауып жамандайсың.
Жапырақ байлап алса жездемізге,
Шынайы жарасар деп бағамдайсың.
Алақандай жапырақ жетіп жатыр,
Оған балдыз несіне алаңдайсың?
Пошымына келетін апаңыздың,
Байлайтұғын жапырақ таба алмайсың.
Сондықтан мені ойлама, апаңды ойла,
Әйтпесе, кең көсіліп шаба алмайсың.
Негрменен түсіп ем суретке,
Ойыңды жүйелепсің бұл ретте.
"Мені көрсе қуанбайды" деп айтасың,
Жаманатты көрсетіп күллі көпке.
Қара домалақ қазақтың баласымын,
Өнерден таба білген жарасымын.
Африкалық негрге ұқсатасың,
Апаңыздың тот баспас бар асылын.
Апаңмен бақыт көзін таба білсек,
Маған мүлде жұқпайды шамасы мін.
Сол көздің ағы егер апаң болса,
Мен деп, балдыз, есепте қарашығын.
Сен қырандай қанатты қомдай білдің,
Мен намысын елімнің қорғай білдім.
Шаршы топта дес бермей қарсыласқа,
Алдыңа келгендерді қойдай қырдың.
Азуың алты қарыс болмаса да,
Рөлін көк бөрін сомдай білдің.
"Топқа түсіп жасқанар жәйім жоқ" деп,
Амандығын сұрадың Торғайымның.
Әзірге елім аман, жұртым тыныш,
Мен намысын елімнің қорғай білдім.
Шаршы топта дес бермей қарсыласқа,
Алдыңа келгендерді қойдай қырдың.
Азуың алты қарыс болмаса да,
Рөлін көк бөрін сомдай білдің.
"Топқа түсіп жасқанар жәйім жоқ" деп,
Амандығын сұрадың Торғайымның.
Әзірге елім аман, жұртым тыныш,
Әлі де дарханмын мен, даңғайырмын.
Құты мен қасіреті шиырласқан
Торғайым – жазуындай маңдайымның!
Тобажан, ақ көңілі айдан нұрлы,
Байбатыр енді мындай байлам қылды:
Ел оқыр тақырыпқа ден қояйық,
Қор қылмай бос қылжаққа қайран жырды.
"Рухани жаңғыру" деп аталатын
Жақсы ұран жұрт біткенді ойландырды.
Дегенмен, дым ұқпастар осы сөзге
Жүр қазір арқау қылып құр айқайды,
Жүр қазір арқау қылып тойда ән-жырды.
Бейітке қоршау салса, "жаңғыру" деп,
Ұлттық бұл идеяны "сайман" қылды.
Ас берсе атасына, "жаңғыру" деп,
Өсегін марқаяды жайған құрлы.
"Атойға айғай қосқыш" пысықайлар
Етеді ертеңімді қайдан гүлді?
Ал өзің бұл туралы не айтасың,
Мендегі не аңғардың райдан мұңлы?
"Рухани" деген сөзді шалағайлар
Суқаным сүймес сөзге айналдырды.
Ал, енді мен өзіңе кезек берем,
Тіл-жақты пайда табам безеп неден?
Ойымның ой мен қырын тегістеші,
Тұс болса артық айтқан не жетпеген.
Өзіңнен, Тобажан-ау, күтетінім –
Дәл жауап, орамды ой, өзекті өлең!"
Тоба:
"Қыз он бестен асқанда кəрі болар,
Өңі кетіп, шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Əрқашанда жас қыздың жары болар", –
Деген кеше Шал ақын емес пе еді,
Түсінгенге бұл сөздің жаны болар.
Бойдақтықты бетіме салық қылма,
Басымыз аман болса, бəрі болар.
Мен бəлкім ұқпай қалдым жездемізді,
Бұл əлде жеңгетайлық қамы болар.
Жеңгенің орнын жезде басып жатса,
Оған да көңіліміз разы болар.
Өңі кетіп, шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Əрқашанда жас қыздың жары болар", –
Деген кеше Шал ақын емес пе еді,
Түсінгенге бұл сөздің жаны болар.
Бойдақтықты бетіме салық қылма,
Басымыз аман болса, бəрі болар.
Мен бəлкім ұқпай қалдым жездемізді,
Бұл əлде жеңгетайлық қамы болар.
Жеңгенің орнын жезде басып жатса,
Оған да көңіліміз разы болар.
Тобаның бойдақтығын жалау қылма,
Батасың оған несін, аға-ау, мұңға.
Өзің де 30-ға кеп үйленіп ең,
Реті бар ғой сын көзбен қараудың да.
Орда бұзар отызда əрең тапқан,
Апамды жыртығыңа жамау қылма.
Бұрын-соңды жоқ еді мұндайыңыз,
Мен білмес бір құпия бар-ау мұңда.
Жеңгетайылық жасайтын ойың болса,
Қатысыңыз жоқ па еді "Қалаулымға"?
Батасың оған несін, аға-ау, мұңға.
Өзің де 30-ға кеп үйленіп ең,
Реті бар ғой сын көзбен қараудың да.
Орда бұзар отызда əрең тапқан,
Апамды жыртығыңа жамау қылма.
Бұрын-соңды жоқ еді мұндайыңыз,
Мен білмес бір құпия бар-ау мұңда.
Жеңгетайылық жасайтын ойың болса,
Қатысыңыз жоқ па еді "Қалаулымға"?
Мəселе қозға депсіз тұшымды əрі,
Əңгіменің айтылмай қысыр жағы.
Астана жайлы жазған шумақтарың,
Қыжылдатып отыр ғой ішімді əлі.
"Жұмаққа кіргендеймін" деп кетіпсіз,
Бітірмей жатып үлкен ісіңді əлі.
"Пирамида – пейіштің төрі" дейсіз,
Көрген жандай жұмақтың ішін-дағы.
Пирамида пейіштің төрі емес ол,
Перғауынның моласы Мысырдағы.
Моланы қоршауменен басталыпты,
Рухани жаңғыруға түсу жағы.
Жұмақ, Мола келді ме ойыңызға,
Менімен айтысқаның үшін бəрі.
Апам үшін тартайын аттың басын,
Жаныңның көрініп тұр қысылғаны.
Əңгіменің айтылмай қысыр жағы.
Астана жайлы жазған шумақтарың,
Қыжылдатып отыр ғой ішімді əлі.
"Жұмаққа кіргендеймін" деп кетіпсіз,
Бітірмей жатып үлкен ісіңді əлі.
"Пирамида – пейіштің төрі" дейсіз,
Көрген жандай жұмақтың ішін-дағы.
Пирамида пейіштің төрі емес ол,
Перғауынның моласы Мысырдағы.
Моланы қоршауменен басталыпты,
Рухани жаңғыруға түсу жағы.
Жұмақ, Мола келді ме ойыңызға,
Менімен айтысқаның үшін бəрі.
Апам үшін тартайын аттың басын,
Жаныңның көрініп тұр қысылғаны.
Бұл қазақ жаңа заман ғасырда тұр,
Өркениетке аттайтын асуда тұр.
Рухани жаңғыру ол ұран емес,
Кемшіліктің көкесі осында тұр.
Қайсы бірін айтайын мəселенің,
Болған заман емес қой ақыл мақұл.
"Аққу, Шортан һəм шаян" кертартпалар,
Бірлік емес бүліктің басында тұр.
Көпіріп кері ауыздар, көк езулер,
Заһарын жан-жағына шашып жатыр.
Рухани жаңғыруға жөнді іспен,
"Қостанай таңы" үлесін қосып жатыр.
Газет бетін толтырса жақсы емес пе,
Жанға азық өлең мен нақылға кіл.
Ой бағып ой мен қырды кезіп жүрген,
Керегі ел батасы ақынға құр.
Халықпен қауыштырып бір қуантты,
Ендеше, тосылма, тіл, көсіл батыл.
Бейімбет те отырған қара шаңырақ,
Биігі асқақ рухтың осында тұр.
Айтысты төрге оздырса ар жағы оның,
Рухани жаңғыруға ұласып жатыр!"
Өркениетке аттайтын асуда тұр.
Рухани жаңғыру ол ұран емес,
Кемшіліктің көкесі осында тұр.
Қайсы бірін айтайын мəселенің,
Болған заман емес қой ақыл мақұл.
"Аққу, Шортан һəм шаян" кертартпалар,
Бірлік емес бүліктің басында тұр.
Көпіріп кері ауыздар, көк езулер,
Заһарын жан-жағына шашып жатыр.
Рухани жаңғыруға жөнді іспен,
"Қостанай таңы" үлесін қосып жатыр.
Газет бетін толтырса жақсы емес пе,
Жанға азық өлең мен нақылға кіл.
Ой бағып ой мен қырды кезіп жүрген,
Керегі ел батасы ақынға құр.
Халықпен қауыштырып бір қуантты,
Ендеше, тосылма, тіл, көсіл батыл.
Бейімбет те отырған қара шаңырақ,
Биігі асқақ рухтың осында тұр.
Айтысты төрге оздырса ар жағы оның,
Рухани жаңғыруға ұласып жатыр!"
Байбатыр:
"Қыз он беске келгенде кәрі болар,
Дейсің ғой ер жігітке бәрі болар.
Аспандағы айды аңсап жүргеніңде,
Басыңа кәріліктің "бағы" қонар.
Отыз түгіл алпыста үйлене алмай,
Соңында, балдыз қалқа, жағың тынар.
"Жеңгейтайлық қызмет қыларсың" деп,
Бұл балдыз айла-шарқын тағы құрар.
Жар тауып беремін деп айтқан жоқпын,
Әйтеуір жеңіл сөзге жаның құмар.
Шал ақынның сөзін айтып жүргеніңде,
Қыз түгілі кемпірден сағың сынар.
Дейсің ғой ер жігітке бәрі болар.
Аспандағы айды аңсап жүргеніңде,
Басыңа кәріліктің "бағы" қонар.
Отыз түгіл алпыста үйлене алмай,
Соңында, балдыз қалқа, жағың тынар.
"Жеңгейтайлық қызмет қыларсың" деп,
Бұл балдыз айла-шарқын тағы құрар.
Жар тауып беремін деп айтқан жоқпын,
Әйтеуір жеңіл сөзге жаның құмар.
Шал ақынның сөзін айтып жүргеніңде,
Қыз түгілі кемпірден сағың сынар.
Себеп болар бұл ісім ынтығыма,
Апаңызды жамасам жыртығыма.
Тобажан, мынау айтқан тіркес сөзің,
Абайсыз тиіп кетер қытығыма.
Орда бұзар отызда апаңды алдым,
Отыз бірде мен әке атанғанмын.
Менде қандай құпия болушы еді,
Ақ көңіл, кең пейілді қатарданмын.
"Қалаулым" деген жақсы бағдарлама,
Қақпанға өзің түстің, аңғал бала.
Маған тоқал әпергің келіп жүр ме,
Кеуде керіп сөйлейсің, маңғаздана.
Одан да өзің барып үміт қылғай,
Жарияға жар салып, үгіт қылмай.
Бағың жанып, есің шығып кетіп жүрме…
Маған да бір жан қара, ұмыттырмай.
Апаңызды жамасам жыртығыма.
Тобажан, мынау айтқан тіркес сөзің,
Абайсыз тиіп кетер қытығыма.
Орда бұзар отызда апаңды алдым,
Отыз бірде мен әке атанғанмын.
Менде қандай құпия болушы еді,
Ақ көңіл, кең пейілді қатарданмын.
"Қалаулым" деген жақсы бағдарлама,
Қақпанға өзің түстің, аңғал бала.
Маған тоқал әпергің келіп жүр ме,
Кеуде керіп сөйлейсің, маңғаздана.
Одан да өзің барып үміт қылғай,
Жарияға жар салып, үгіт қылмай.
Бағың жанып, есің шығып кетіп жүрме…
Маған да бір жан қара, ұмыттырмай.
Астананы әспеттеп жырлап едім,
Әулекі, өрескел іс қылмап едім.
"Апам үшін ат басын тартамын" деп,
Жанымды алатындай бұлсда менің.
Перғауынның көргендей молаларын,
Өзіңше білгіш жандай жобаладың.
Үлкен ісің бар дейсің бітірмеген,
Бағынам имандылық үкімге мен.
Бұйырса, бес парызды орындаймын,
Әлі де кемшілік бар мойындаймын.
Жұмаққа барамын ба, бармаймын ба,
Айтатындай сен кімсің онымды айқын?
Әулекі, өрескел іс қылмап едім.
"Апам үшін ат басын тартамын" деп,
Жанымды алатындай бұлсда менің.
Перғауынның көргендей молаларын,
Өзіңше білгіш жандай жобаладың.
Үлкен ісің бар дейсің бітірмеген,
Бағынам имандылық үкімге мен.
Бұйырса, бес парызды орындаймын,
Әлі де кемшілік бар мойындаймын.
Жұмаққа барамын ба, бармаймын ба,
Айтатындай сен кімсің онымды айқын?
Ал енді теңеу үшін айтқан сөзді
Соғыпсың жерге әкеліп соғылмайтын.
"Ғажапқа" мағыналас сөз іздесе,
Қазақта қай кезде де көңіл бай-тын.
Ол сөзді жамандыққа қолданбайық,
Таусыларын кім білсін өмір қай күн!
Өкпемді айтамын деп саған көптен,
Осы күнге әйтеуір аман жеткем.
Балтасардай ақынның жыр кешінде,
Айтысып қауышқанда тәмам жұртпен,
Жиенқұрық сұрап едім балаларға,
Күшік беріп құтылдың амалды еппен.
Бойыңда сараңдығың бар екен ғой,
Жақында осы хабар маған жеткен.
Апаңда да бар еді осы қылық,
Тәрбиелеп оны да табанды еткем.
Бір-екі күн келіп кетсең Торғай жаққа,
Арылып сен қайтарсың жаман беттен.
Осы күнге әйтеуір аман жеткем.
Балтасардай ақынның жыр кешінде,
Айтысып қауышқанда тәмам жұртпен,
Жиенқұрық сұрап едім балаларға,
Күшік беріп құтылдың амалды еппен.
Бойыңда сараңдығың бар екен ғой,
Жақында осы хабар маған жеткен.
Апаңда да бар еді осы қылық,
Тәрбиелеп оны да табанды еткем.
Бір-екі күн келіп кетсең Торғай жаққа,
Арылып сен қайтарсың жаман беттен.
Бұл айтыс жақсылықтай жасаған мол,
Десек те домбырадан босаған қол.
Мақамсыз, шапансыз-ақ айтыстық біз,
Бет-жүзге телміртпеді еш адамды ол.
Интернет құдіретін көрмейсің бе –
Әуре қып, аттатпады босағамды ол.
Ал, балдыз, не де болса сөз қуыстық,
Айтысың тек сыйластық болса мәнді ол.
Тобажан, есендікте жолыққанша,
Айтыссүйер ағайын, қош-аман бол!
Қара шаңырақ “Қостанай таңы” деген,
Пешенеге жазылған бағы да ерең.
Тоқсан бес жыл тарихы тағылымды,
Талай белес, биікті бағындырды.
Би-ағаң қалам тербеп сол арада,
Маржаннан сөз алқасын тағындырды.
Болашағы зор әлі баспасөздің,
Басын шалып қайтейін басқа сөздің.
"Егемен", "Жас Алаштан" асып кетсін,
Жүз жылдығын тойлауға нәсіп етсін".
Пешенеге жазылған бағы да ерең.
Тоқсан бес жыл тарихы тағылымды,
Талай белес, биікті бағындырды.
Би-ағаң қалам тербеп сол арада,
Маржаннан сөз алқасын тағындырды.
Болашағы зор әлі баспасөздің,
Басын шалып қайтейін басқа сөздің.
"Егемен", "Жас Алаштан" асып кетсін,
Жүз жылдығын тойлауға нәсіп етсін".
Тоба:
"Жездеке беріп едік керегіңді,
Көтеріп жұрт алдыңда беделіңді.
Ол аздай тоқал сұрап тоңқылдайсың,
"Көрсет, – деп, – балдыз, маған көмегіңді".
Алда-жалда үйіңе бара қалсам,
Апама да білмеймін не дерімді.
Ол аздай тоқал сұрап тоңқылдайсың,
"Көрсет, – деп, – балдыз, маған көмегіңді".
Алда-жалда үйіңе бара қалсам,
Апама да білмеймін не дерімді.
Басқамен сөйлессең де болмады ма,
Балдыздан тоқал сұрап не көрінді?
Балдыздан тоқал сұрап не көрінді?
Байбатыр, неге сонша майдаландың?
Дəл бұндай қажеті не байбаламның?
Мен өлген жоқпын əлі, тірімін ғой,
Жиендермен қалжындап ойнағанмын.
Мойнымдағы қыл арқан шіри қоймас,
Ер боп туып, қолыма байрақ алдым.
Дəл бұндай қажеті не байбаламның?
Мен өлген жоқпын əлі, тірімін ғой,
Жиендермен қалжындап ойнағанмын.
Мойнымдағы қыл арқан шіри қоймас,
Ер боп туып, қолыма байрақ алдым.
Оған бола Тобаны сараң қылма,
Түр-түрін пайдаланып айла амалдың.
"Торғайға бір-екі күн келіп кет" деп,
Айтқаныңда бір түрлі ойда қалдым.
Өткенде айтыс болып Жангелдинде,
Жүлдесін қанжығаңа байлап алдың.
Мына мені шақырмай сол айтысқа,
Мəз болып екі ұртыңды майлап алдың.
Сараң болмай, танытсаң қонақжайлық,
Сол айтысқа шақырсаң қайда қалдың?
Түр-түрін пайдаланып айла амалдың.
"Торғайға бір-екі күн келіп кет" деп,
Айтқаныңда бір түрлі ойда қалдым.
Өткенде айтыс болып Жангелдинде,
Жүлдесін қанжығаңа байлап алдың.
Мына мені шақырмай сол айтысқа,
Мəз болып екі ұртыңды майлап алдың.
Сараң болмай, танытсаң қонақжайлық,
Сол айтысқа шақырсаң қайда қалдың?
Жалғанның жақсысы мен тентегі мың,
Кимейсің тек ақыреттің сен кебінін.
Сондықтан тіршілікте сыйласайық,
Көрініп жатса кешір келтелігім.
Қалжыңдап жатсам саған өзімсініп,
Көтерер деп отырған еркелігім.
Қара шаңырақ Торғайда отырғасын,
Сеніңде орынды ғой еркелігің.
Шаңырақтың шырағын сөндірмеші,
Өзіңдей өркендетер өлкені кім?
Елімнің болмасын деп ертеңі мұң,
Алладан тілеп жүрмін ертелі күн.
Ең бастысы, алты Алаш аман болсын,
Тарылмай дархан мінез, кең көңілің.
Астана арман қала жайнай берсін,
Иран бағы секілді ертегінің!"
Кимейсің тек ақыреттің сен кебінін.
Сондықтан тіршілікте сыйласайық,
Көрініп жатса кешір келтелігім.
Қалжыңдап жатсам саған өзімсініп,
Көтерер деп отырған еркелігім.
Қара шаңырақ Торғайда отырғасын,
Сеніңде орынды ғой еркелігің.
Шаңырақтың шырағын сөндірмеші,
Өзіңдей өркендетер өлкені кім?
Елімнің болмасын деп ертеңі мұң,
Алладан тілеп жүрмін ертелі күн.
Ең бастысы, алты Алаш аман болсын,
Тарылмай дархан мінез, кең көңілің.
Астана арман қала жайнай берсін,
Иран бағы секілді ертегінің!"
Әй Тобашым-ай, әдемі бастапсың)) Әлі де шиырлата түс. Жездеңді аяма!
Жақсы айтыс екен. Тоба да, Байбатыр да әдемі қалжыңдасып айтысып жатыр!
Қазақ өнері өркендей берсін! Жарайсыңдар, жігіттер!