Кезекті күдікті іздестірілуде

Қостанайда облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген тағы бір күдікті пайда болды. Полиция 40 жастағы Руслан Гафаровты іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. рашида"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай қаласының тумасы, 1977 жылғы Гафаров Руслан Рамильевич іздестіріліп жатыр. Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, мұрты немесе сақалы болуы мүмкін. Күдікті жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден Қостанай облыстық ІІД өкілдеріне хабарласуы сұраймыз: (код 8-7142) 526111, 526112 немесе "102" нөміріне", – деді Қостанай облыстық ІІД өкілдері.факОсыған дейін бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен аурухананың бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина ұсталған еді.  Еске салайық, Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған болатын. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓