Жол жөндеуге – 6 млрд теңге
Қостанай көшелерін жөндеуге 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. Бұл туралы есеп беру жиынында қала әкімі Базыл Жақыпов хабарлады. Аталған сома өткен жылғымен салыстырғанда 600 млн теңгеге көп.
-Биыл үйлердің арасын, алаңқайларды қоса есептегенде, бас-аяғы 39 көше жөнделеді. Былтыр басталған Павлов және Абай мен Гагарин көшелеріндегі жөндеу жұмыстары биыл да жалғасады. 10 көше қайта жөнделеді.
-Набережный көшесі (Гогольден Аманкелдіге дейін)
-Лермонтов көшесі (Қайырбековтен Бородинге дейін)
-Карбышев көшесі (Уральскийден Жауынгер-Интернационлистерге дейін)
-Тәуелсіздік көшесінен (Баймағамбетовен Үлкен көпірге дейін)
-Алтынсарин көшесі (Гагариннен Орджоникидзеге дейін)
-Энергетиктер көшесі (Рудный тас жолынан Аманкелді ауылындағы Абай даңғылына дейін)
-Жауынгер-Интернационлистер көшесі (Карбышевтен Абай даңғылына дейін)
Сонымен қатар қаладағы бес көшеде 750 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 660 млн теңгеге ресайклинг әдісімен тағы да 23 көшені жөндемек. Көктемгі су тасқынан соң көшелерді тағы бір бақылап, құжаттар бекітілетін болады. Шамамен сәуір-мамыр айларында жол жөндеушілер жұмысқа кіріседі.