Заңсыз тасымалдың жолы кесілді

       Полиция қызметкерлері астық тасымалдайтын көліктерді тексеру үстінде. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.зерно
       Айтуынша, құқық қорғаушылар ауылшаруашылығы аумақтық инспекциясымен бірлесіп, облысқа сырттан әкелінетін өнімдерге карантиялық фитосанитария және ветеринарлық бақылауды ұйымдастыру бойынша іс-шараны қолға алды. Басты мақсат – Ресей Федерациясынан заңсыз тасымалданатын астықтың жолын кесу.
       Бірлескен рейд облыстың барлық тас жолдарын, сондай-ақ, аудандардағы «Қайрақ», «Ақбалшық», Аят», «Обаған», «Желқуар», «Рубеж» тәрізді  шекара бекеттерін қамтиды. Барлығы алты шұғыл топ жұмыс істеп жатыр.
         Рейд  басталғалы бері 300-ден астам жүк көлігі тексерілген. Соның ішінде астық тасымалдауға рұқсат ететін арнайы сертификаты жоқ жиырма алты көлік анықталыпты. Жүктің жалпы салмағы 498 тонна. Барлық көлік Ресейге қайтарылды.
      ҚР ӘҚ Кодексінің 400-ші бабы бойынша полицейлер 22 әкімшілік материал толтырып (Өсімдік карантиніне байланысты Қазақстан Республикасындағы заңнамаларды бұзу), жалпы сомасы 924 350 млн теңге айыппұл салған. Әзірге осының 305 850 теңгесі өндірілді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓