Домбыра пәні оқытылмақ

Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады. Бұдан былай оқушылар домбыра ойнауды үйренеді. Бұл туралы Ы.Алиынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова айтты, деп жазады zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, мұндай пәнді 6-сыныптан бастап оқыту қажет. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтіп жатыр, бұдан кейін барлық білім беру мекемелеріне жіберіледі.
"Ұлттық құндылықты түгендеу қашанда өте маңызды. Біз Отанын сүйіп қана қоймай, оған жан-тәнімен берілген, халқының, туған елінің құндылығын ардақтап, идеяларын алға тартатын тұлға қалыптастыруымыз керек. Бірақ бұл бүкілі бірдей жаппай осы пәнді игеруге максимал түрде жылдам көшеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің даярлығы мен ресурсына байланысты болмақ", – деді вице-президент елордада өткен тамыз конференциясында.
А.Мұхамедханова бұл пән әсіресе қазақ тілінде оқитын сыныптарға қатысты болатынын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓