Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов есеп береді
2018 жылғы 23 ақпанда Қостанай қаласы «Әуежай» шағын ауданында орналасқан спорттық-көңіл көтеру кешенінің ғимаратында Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің халық алдында есеп беруінің қорытынды кездесуі өтеді.
Есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады. Сұрақтар мен ұсыныстар ағымдағы жылғы 13 ақпанға дейін әкімнің blogs.egov.kz блогына, 8(7142)575-057 телефоны бойынша немесе 917 тегін нөміріне SMS-хабарлама арқылы (Beeline байланыс операторы) қабылданады. Сондай-ақ, оларды жабаша түрде Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66 мекенжайына «есеп беру кездесуінің шеңберінде» деген белгімен жіберуге болады.