“Әнді салсаң, менше сал…”
Бұл – Адина Еркебұланқызы Хасен. Арқалық қаласының 6 жасар тұрғыны. Қаладағы №4 мектептің даярлық сынабына барады. Қазірдің өзінен бастап-ақ жұртшылықты әншілік өнерімен тамсандырып жүр. Немересінің талабына ерекше сүйсінетін атасы бейнебайқауға қатысуды жөн санайды. Адинаның көпшілік жиылған тойда ән салып тұрған бейнесін бізге жолдапты. Қане, тамашалап көрейік!