Есірткіні жұтып қоймақ болды
Қостанай қаласының ІІБ-ның есірткі бизнесімен күрес бөлімі қызметкерлері облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармамен бірлесіп, 6-шағын аудандағы пәтерлердің бірінде 38 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті әйелден жалпы салмағы 5 грамм болатын героин салынған 11 полиэтиленді орама тәркіленді. Тұтқындау кезінде ол есірткілерді жұтып қоюға әрекеттенген.
"Полицейлер анықтағандай, күдікті үш апа-сіңлісімен жалдамалы пәтерде тұрады. Тінту кезінде тәртіп сақшылары электронды таразыны тәркіледі. Сондай-ақ, тұтқындалушы бұған дейін де дәл осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған", – делінеді ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.
Қылмыскер Рудный қаласындағы уақытша қамау изоляторына жөнелтілді.