Мас жүргізуші жас баланы қағып кетті 

Жітіқара аудандық соты 35 жастағы азаматты 2 айға тұтқынға алды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.  
Мас күйінде көлікке отырған Жітіқара ауданының тұрғынына жол ережесін бұзып, жаяу жүргіншілерді қаққанны туралы айып тағылып отыр. image86623
8-қаңтар күні Hyundai Accent көілігімен Жітіқара қаласына кіреберісте рөлге ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып, қамсыз кетіп бара жатқан қос құрбыны қағып кеткен. 
Кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың біреуі оқиға орнында көз жұмады. Екіншісі түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Санкцияға сәйкес, айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге заңды үкім шығарылған жоқ.  
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓